Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  3) тармақшасына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қобда  ауданының     Бұлақ    ауылдық    округі    әкімінің    сайлауы 2024 жылғы  7 сәуірге  тағайындалсын.
  1. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 29 ақпанан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024  жылғы 12 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

    3. Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.
қаулы
Дата публикации
28 февраля 2024