ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
12 ақпан 2024 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2024 жылғы 11 ақпанда өткен Қобда ауданының Сарбұлақ және Сөгәлы ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Сарбұлақ ауылдық округі бойынша:
Сәрсенғалиев Дәулет Сәрсенғалиұлы, 1997 жылы дүниеге келген, Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскери емес жұмыстар қызметінің басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған,Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Сөгәлі ауылдық округі бойынша:
Ізімғалиев Арман Талғатұлы, 1989 жылы дүниеге келген, Сөгәлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылының тұрғыны, «АМАNAT» партиясынан ұсынылған, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.