Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

2024 жылғы  11 ақпанда  Ақтөбе облысы  Қобда  ауданының  Сарбұлақ  және  Сөгәлі ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қобда  ауданының Сарбұлақ  және Сөгәлі  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  қорытындысын шығарды:

Сарбұлақ сайлау округі

Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 351 азамат енгізілді, олардың 230 дауыс берді.Жарамсыз бюллетеньдер саны -2,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Сәрсенғалиев Д.С.-145,Тұтбаев Е. И. -34,Хажай Х.-45.

Сәрсенғалиев Дәулет Сәрсенғалиұлы - 1997 жылы дүниеге келген, Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскери емес жұмыстар қызметінің басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылының тұрғыны,«AMANAT» партиясы ұсынылған, Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 Сөгәлі сайлау округі

Сөгәлі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 263 азамат енгізілді, олардың  191 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -3,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:   Ізімғалиев А.Т. - 125, Телегісов Б.А. - 26, Тұманчин Ә.М. - 31.

Ізімғалиев Арман Талғатұлы - 1989 жылы дүниеге келген,Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппаратының  бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жиренқопа  ауылының  тұрғыны,  «АМАNAT»  партиясы ұсынылған, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Хабарлама
Дата публикации
11 февраля 2024