Қобда ауданы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы

Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ 

Қобда ауданы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу  туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы келесі ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:

          Сөгәлі ауылдық округі бойынша:

  1. Ізімғалиев Арман Талғатұлы, 1989 жылы дүниеге келген,  Сөгәлі   ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылының  тұрғыны, «AMANAT»  партиясы ұсынған.
  2. Туманчин Әділжан Мырзалыұлы, 1993 жылы дүниеге келген, Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы,  Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда  ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

          Сарбұлақ  ауылдық округі бойынша:

  1. Сәрсенғалиев Дәулет Сәрсенғалиұлы, 1997 жылы дүниеге келген, Қобда ауданының қорғаныс істері бөлімінің  әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс қызметінің басшысы,  Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

        2.Тұтбаев Есімхан Исатайұлы, 1987 жылы дүниеге келген, Қобда ауылдық округі әкімі  аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай  ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

 

 

решение
Дата публикации
16 января 2024