Қобда аудандық мәслихат ШЕШТІ:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:
8 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулардан зардап шегетін және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға - «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде.»
11 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.»
«Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.».