Жоба Қобда ауданы  бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33826 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері туристердің орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

жоба
Дата публикации
10 января 2024