Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

    1.Қобда ауданының  ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі  төмендегі сайлау округтері құрылсын:

1) Сарбұлақ ауылдық округі  әкімін - Сарбұлақ ауылдық округінің  шекараларында  Сарбұлақ сайлау округі;

2) Сөгәлі ауылдық округі  әкімін - Сөгәлі ауылдық округінің  шекараларында  Сөгәлі сайлау округі.

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.
Қаулы
Дата публикации
03 января 2024