Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қобда  аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қобда ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалсын:

-    Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің;

-    Сөгәлі ауылдық округі әкімінің. 

  1. Ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 4қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 (он сегіз)-ге дейін болып белгіленсін.

         3.Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы  2024 жылғы 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 (он сегіз)-ге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.
қаулы
Дата публикации
03 января 2024