Қобда ауданы «Көк үй–Қобда- Көк үй» бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифін белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль
көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Қобда ауданы
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қобда ауданы «Көк үй – Қобда- Көк үй» бағытындағы ауданішілік
маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдауға тарифін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
     2. "Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
     1) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     2) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулы
Дата публикации
24 октября 2023