Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 8 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 2 қазандағы № 2-10-3/240 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
- Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің Жаманкөл ауылының «Ер-Темір» шаруа қожалығының мал қораларына бактериологиялық зерттеумен қорытынды дезинфекция жүргізілуіне байланысты және құтырма ауруы кезіндегі жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
- Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 8 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің (2023 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Жарық ауылдық округінің әкімі
|
Т.Кенбаев
|