Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ 

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкіміне

кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы     

12 қазан 2023 жыл

16 сағ.40 мин.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 8-тармақшасына сәйкес және «Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ 2023 жылғы 11 қазандағы № МКБ-04-1-416 хаты негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы Қобда аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 7 қазандағы  Қобда ауданы әкіміне кандидат Таласпаев Еркебұлан Сержанұлының тіркеу туралы шешімінің күшін кандидаттың жұбайы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің  дұрыс еместігі анықталғанына байланысты жойды.

Хабарлама
Дата публикации
12 октября 2023