Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қобда ауданы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
07.10.2023ж.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы келесідей аудан әкіміне кандидаттарды тіркеді:
1.Амантаев Бағдат Ақмалайұлы, 1969 жылы дүниеге келген, «Қобда аудандық сәулет, тұрғын үй, қала құрылысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда су» КМК, директор, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен, ұлты қазақ.
2.Клютов Асылбек Қуанбайұлы, 1983 жылы дүниеге келген, «Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен, ұлты қазақ.
3.Мусаев Бауыржан Әлменұлы, 1967 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облыстық білім басқармасының Қобда аудандық білім бөлімі» ММ, әдіскер, Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен, ұлты қазақ.
4.Таласпаев Еркебұлан Сержанұлы, 1987 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ орман шаруашылығы бөлімі, басшы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен, ұлты қазақ.