Қобда ауданындағы № 438 аумақтық сайлау учаскесі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 18, 39 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының   14 бабына, Қобда ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 наурыздағы «Қобда ауданы әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 6 «Қобда ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» №2 шешіміне сәйкес, Қобда ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Қобда ауданының сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының Президентi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізу бойынша дауыс беруге арналған үй-жаймен қамтамасыз ету мақсатында, аудан аумағындағы № 438 сайлау учаскесі Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылы, Жәңгір хан көшесі № 38, «Қобда аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сарбұлақ ауылдық клубының ғимаратында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылы, Жастар тұйығы 1Б «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына көшірілсін.
  2. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қажетті іс-шараларға жауапты ретінде анықталсын.
  3. Осы шешім аудан аумағындағы баспасөз беттерінде және әлеуметтік интернет ресурстарының желілерінде жариялануы қамтамасыз етілсін.
  4. Осы шешім 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзім аралығында қолданысқа енгізілсін.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы шешім мүдделі жақтарға жолдансын.
шешім
Дата публикации
27 сентября 2023