Жарық ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР

Жарық  ауылдық

округі әкімінің  сайлауы  қорытындылары туралы

ХАБАР

 2023 жылғы 24 қыркүйекте  Ақтөбе облысы Қобда  ауданының  Жарық ауылдық округі әкімінің  сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қобда  ауданының Жарық  ауылдық округі әкімінің сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Жарық сайлау округі

Жарық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 312 азамат енгізілді, олардың 202 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0. 

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Иманғазин Е.М.-80, Кенбаев Т.Қ. -112, Құрманиязов  Б.А. -2. 

Кенбаев Таңат Қылышбайұлы-1963 жылы дүниеге келген,  «Игілік -2 » шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылының  тұрғыны, өзін өзі ұсыну тәртібімен  ұсынған, Жарық  ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

Қобда  аудандық сайлау комиссиясы

Хабарлама
Дата публикации
25 сентября 2023