Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімін сайлау
бойынша аумақтық сайлауокругін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданының шекарасында Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
2. Аумақтық сайлау округінің шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырыпаудандық «Qobda» газетінде жариялансын және Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төрағасы А.Оразова
Хатшысы М.Қожабекова
№ 62
15.09.2023ж.