Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Жарық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
3 қыркүйек 2023 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы Жарық ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеді:
1. Дәрібаев Ерлан Ержанұлы, 1983 жылы дүниеге келген, «VES – champion» ЖШС-ның бас директоры, Орал қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
2. Иманғазин Ерлан Маратұлы, 1987 жылы дүниеге келген, Жарық ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
3. Кенбаев Таңат Қылышбайұлы, 1963 жылы дүниеге келген, «Игілік» шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
4. Құрманиязов Берікбай Амантайұлы, 1980 жылы дүниеге келген, «Қобда ауданы әкімі аппараты» ММ бөлім басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, «Ақ жол» партиясы ұсынған.