Қобда ауданының Жарық ауылдық округі
әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданының Жарық ауылдық округі әкімін сайлау бойынша - Жарық ауылдық округінің шекараларында Жарық сайлау округі құрылсын
2. Сайлау округінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.
Қобда аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Оразова
Қобда аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қожабекова