Қобда ауданының Жарық ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯНЫҢ ҚАУЛЫСЫ 

Қобда ауданының  Жарық ауылдық округі

әкімі сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  1) тармақшасына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

         1. Қобда ауданының   Жарық  ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке  тағайындалсын.

         2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы   17тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023жылғы 29тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

         3. Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023жылғы 3 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

          4. Осы қаулы Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.

Қобда аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                          А.Оразова

Қобда аудандық

сайлау комиссиясының

             хатшысы                                                        М.Қожабекова

ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
16 августа 2023