Қобда және Жиренқопа ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАР
2023 жылғы 30 шілдеде Қобда ауданының Қобда және Жиренқопа ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы Қобда және Жиренқопа сайлау округтері бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қобда ауданының Қобда және Жиренқопа ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Қобда сайлау округі
Қобда ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4156 азамат енгізілді, олардың 2939 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Құлниязов М.Ж. - 2345 , Сағындықова А.А. - 295, Хажай Х. - 281.
Құлниязов М.Ж.- 1987 жылы дүниеге келген, Қобда ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Қобда ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жиренқопа сайлау округі
Жиренқопа ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 385 азамат енгізілді, олардың 281 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Манашев А.Б. - 223, Телегисов Б.А.- 26, Омаров Н.С. - 27.
Манашев А.Б.- 1994 жылы дүниеге келген, Жиренқопа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Жиренқопа ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Қобда аудандық сайлау комиссиясы