Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ
Қобда ауданы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Қобда ауылдық округі бойынша:
1. Құлниязов Марат Жалғасұлы, 1987 жылы дүниеге келген, Қобда ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
2. Сағындықова Айнұр Аманқұлқызы, 1990 жылы дүниеге келген, Қобда ауданы әкімі аппаратының ақпараттық талдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, «Ақ жол» партиясы ұсынған.
3. Хажай Хайратхан, 1990 жылы дүниеге келген, Талдысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жиренқопа ауылдық округі бойынша:
1. Омаров Нұрболат Сексенғалиұлы, 1977 жылы дүниеге келген, Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
2. Телегисов Бақыт Айжаипұлы, 1988 жылы дүниеге келген, Қобда аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, «Ақ жол» партиясы ұсынған.
3. Манашев Амандық Бахтыбайұлы, 1994 жылы дүниеге келген, Жиренқопа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.