Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков государственного учреждения "Кобдинский районный отдел внутренней политики"

«Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария тыңдаудың хаттамасы

 

Қобда ауылы                                                               19.06.2023 ж.

 

Төрағалық етуші:                                            Аудандық ішкі саясат

                                                                            бөлімінің басшысы

А. Қабылов

 

Хатшы                                                               Аудандық ішкі саясат

                                                                            бөлімінің бас маманы

Б. Қылышбаева

 

Қатысқандар:                                                  Аудандық ішкі саясат

                                                                            бөлімінің мамандары

                                                                           және тиісті қызметкерлері

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-де жасалған 19.06.2023 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері аудан әкімдігінің ғимаратында жария тыңдауда талқыланды.

Жария тыңдау барысында бөлімінің сыбайлас жемқорлық тауекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша құжаттардың мерзімінде орындалуы бойынша, сонымен қатар қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауданда  мемлекеттің  ішкі саясатының  жүзеге  асырылуын  қадағалау, ауданда болып жатқан қоғамдық –саяси   процесстерді   және олардың даму тенденциясын талдау және қорыту, Қазақстанның  2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын түсіндіру және насихаттау, мемлекеттік органдардың ішкі саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі іс-әрекеттерін үйлестіру, Қазақстан Республикасының заңдарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі  бағдарламаларды  әзірлеу және іске асыруда өзара қарым-қатынас жасау, мемлекеттік ішкі саясаттың  тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аудандық  бұқаралық  ақпарат  құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі қызметін үйлестіру міндеттері бойынша талқылау болды.

Жария тыңдауға қатысқан тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар орын алды. Бөлім басшысы А. Қабылов қатысушыларға алғыс білдіріп, жария тыңдауды жабық деп қорытындылады.

 

Аудандық ішкі саясат

бөлімінің басшысы                                                  А. Қабылов

 

Аудандық ішкі саясат

бөлімінің бас маманы                                            Б. Қылышбаева

Дата публикации
29 июня 2023