«Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

Қобда ауданы                                                               5 маусым 2023 жыл

 

 

І. Кіріспе

«Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу 2023 жылғы                5 маусымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

2.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті туралы:

 

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес,

1.«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

2.«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

3.«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық

хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

4.«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде  азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар  мен түзетулер енгізу»

5.Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

6.«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»

7.«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызметтері  көрсетіледі.

2022 жыл мен 2023 жылдың 5 айында бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша барлығы 719 қызмет көрсетілді.

Оның электрондық түрде 669 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 93,1 %-ды құрады

Мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 43 рет көрсетіліп, мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі 6,0%-ды құрады.

Мемлекеттік корпорация арқылы 347 қызмет көрсетіліп, қызметтердің үлесі 48,3 %-ды құрады.

Есепті кезеңде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 68 бұйрық шығарылған. «Е өтініш», «Е қызмет» бойынша жауапты маман жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Бөлімнің жұмысын  ішкі талдау кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.

 

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

Бөлім бойынша есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан –17 арыз-өтініш түскен. Арыз-өтінішті қарау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

 

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер:

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу мақсатында 2 мақала (жергілікті «Қобда» газетінде), 3 семинар(халыққа қызмет көрсету орталығында), 2 тікелей эфир («Instagram» парақшасында) жарияланды.

Бөлімнің әлеуметтік желідегі жұмысын жандандырып, түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

 

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі түсіндіру жұмыстары туралы:

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» 2023 жылғы 18 мамырдағы №28 аудан әкімінің өкіміне сәйкес, 2023 жылдың 24 мамырында бөлім басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу және жұмыс тобын құру туралы» №6 бұйрығы шықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР заңнамасының нормаларын бөлім қызметкерлеріне түсіндіру мақсатында құқықтық білім беру және құқықтық насихатты жүргізуде дәрістер ұйымдастырылуда(аудандық орталық кітапханада), интернет сайтқа қажетті ақпараттар енгізілуде(жауапты маман бекітілген), бөлім қызметкерлері есепті кезеңде табыс туралы декларацияны салық органына ұсынған, 8/71341/21-087 «Сенім телефоны»жұмыс жасайды, жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

 

 

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Есепті кезеңде бөлім қызметкерлерімен жұмыс бабындағы тәртіптік жазалар қолданылмаған.

 

2.6. Кадрлық-ұйымдастырушылық жұмыстар туралы:

«Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымына сәйкес:

Барлығы 5 қызметкер, бос орын жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына бағытталуы бойынша есепті кезеңде:

- біліктілігін арттыру бойынша 1 мемлекеттік қызметші, қайта даярлау курстарын 3 қызметші тамамдаған.

 

ІІІ. Қорытынды

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

 

         Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында азаматтық хал актілерін жазбалары бойынша көрсетілетін жалпы саны 7 мемлекеттік қызмет түріне  талдау жасалды.

         Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызмет көрсету туралы есепке талдау жасаған кезде қорытынды цифрларда сәйкессіздік анықталды. Осының нәтижесінде қайталама берілген куәліктер мен анықтамаларды қайталама беру журналында да кемшіліктер орын алды.

          «Парус» электронды порталы арқылы бюджеттік өтінім тапсыру уақыты белгіленген мерзімнен кешіктірілген. 

          Бөлімге қарасты ведомоствалық мекемелер қызметіне қатысты бұйрықтарда негізге алынған құқықтық – нормативтік актілерде қателіктер анықталды.

         Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін. Анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктер 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жойылады. Алдағы уақытта болдырмау шараларын қолға алу міндеттелді.

          

             

 Аудандық мәдениет және тілдерді

 дамыту бөлімінің басшысы                                            А.Жұмағұлова  

  

Дата публикации
29 июня 2023