Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков государственного учреждения "Кобдинский районный отдел экономики и бюджетного планирования"

 ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Қобда аудандық экономика және бюджетік

жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша     

 Қобда ауылы                                                            «___» _________ 2023 жыл

 КІРІСПЕ БӨЛІМ:

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  2. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау жүргізу және жұмыс тобын құру туралы» бөлім басшысының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 7 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

Кустуртова Мария Нурлахметовна

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, топ жетекшісі

Назаров Даулет Якубович

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, топ мүшесі

Наушабаева Назерке Ерланқызы

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы, топ мүшесі

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 25.05 - 21.06.2023 жыл аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2022 жыл және 2023 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы кезең қамтылды.
  3. «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бөлім басшысы М.Кустуртова топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

          СИПАТТАМА БӨЛІМ:

 Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 II. Талданатын объект туралы мәліметтер:

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін атқару жүктелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының  Президенті  мен   Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         Бекітілген мекеменің Ережелеріне сәйкес бөліммен барлығы 37 функция іске асырылып келеді. 

Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 үй.

III. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру - басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім мен орталыққа қатысты  өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Бөлім мен орталықтың қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

 - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

 Анықталған жоқ.

 Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  болып табылады

Бөлімнің штаттық құрылымы:

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын

         1 (бір) бөлім басшысы.

         Бөлім басшысымен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын

1 (бір) сектор меңгерушісі,

3 (үш) бас маман,

1 (бір) штаттан тыс қызметкер,

Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады.

Бөліммен жұмысқа қабылданған қызметкерлер:

 №

 

                   Аты-жөні                  

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Кустуртова Мария Нурлахметовна

бөлім басшысы

02.09.2013 ж

Өкім № 152

2

Назаров Даулет Якубович

сектор меңгерушісі

25.07.2022 ж

Бұйрық № 9

3

Суюндыков Бидархан Алтаевич

бас маман

15.05.2018 ж

Бұйрық № 13

4

Наушабаева Назерке Ерланқызы

бас маман

04.10.2019 ж

Бұйрық № 30

5

Изимгалиева Гулжанат Айбековна

бас маман

07.12.2022 ж

Бұйрық № 146

6

Казбеков Сарсен Карасаевич

жүргізуші

21.11.2016 ж

Бұйрық № 50

 

Бөлімдегі тәртіптік шаралар қолданылған қызметкерлер:

Орын алған жоқ.

      

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар туралы:

         Болған жоқ

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлімде Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеәлеуметтік қолдау көрсету функциясы бар.

VII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

VIII. Бақылау - тексеру функцияларын іске асыру. Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не 2022 жылға жалпы 86075,5 мың теңге қаржы бөлінді, игерілгені 86042,0 мың теңге, қалдық сомасы 33,5 мың теңге.

2023 жылдың 3 айында 6075,5 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді.

№ 1 тәуекел

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 қаулысы негізінде бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс  сапаарларға арналған шығындарды өтеу қағидаларының 2 тарауының 3 тармағы 2) тармақшасында тұрғын үйді жалдау шығындары мемлекеттік мекеме жұмыскерлеріне облыс орталықтарында алты (6) АЕК аспайтын мөлшерде өтелінеді деп аталған. Яғни, нақты мөлшері белгіленбеген. Сондықтан алты (6) АЕК-ден кем төленуімүмкін деп есептейміз. Басқарушылық жасаушы тұлға тарапынан, өз қызметтік құзіреттілігін пайдаланып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соқтыруы әбден ықтимал.  

     ҰСЫНЫС: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 қаулысы бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс – сапарларға арналған шығындарды өтеу қағидаларының 2 тарауының 3-тармағындағы 2) тармақшасында нұсқалған тиісті мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне төленетін тұрғын үйді жалдау шығындарының нақты көлемін белгілеу ұсынысы ұсынылады.

 № 2 тәуекел

     Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 23.12.2015 жылғы № 1002 бұйрығына сәйкес реттелетін қызметкерлердің нақты статусы белгіленбеген. Еңбек ақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысына сай реттелген, осы жоғарыда көрсетілген қызметкерлер мен жұмыскерлер, азаматтық қызметшілерге тиесілі еңбекақы демалыс күндерін және өтемақыларын алуға, яғни басшыға өздерінің құзіреттілігін пайдалануға мүмкіншілік тудырады. 

     ҰСЫНЫС: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығы реттелетін қызметкерлердің  нақты статустарын белгілеу ұсынылады. 

№ 3 тәуекел

    Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 23 «Тәртіптік жазаны аалу туралы» бұйрығынан қает табылды. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы Заңы бұйрықта қолданылған».

   ҰСЫНЫС: Аталған Заңның 63 бабы, 2020 жылдың 29 маусымында алынып тасталуына байланысты жоғарыда аталған бұйрыққа өзгеріс енгізу ұсынылады. 

 Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. Бөлімде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу қызметі жоқ.

         «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2022 жылы бөліммен тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 2065,6 мың теңгеге 18 келісім - шарт жасалды, келісім шарт бойынша барлық жұмыстар өз мәнінде жүргізілді. 2022 жылы келісім шарт талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері орын алған жоқ.

         Ал, 2023 жылдың 3 айында тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 2820,5 мың теңгеге 16 сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шартқа сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1. Бюджетті жоспарлау саласы бойынша нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ішкі талдау жүргізуші тобы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысында, өз қызметтерінде басшылыққа заңдарды алды және төмендегідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

     XIІ. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Бөлімде
«Е-Өтініш», «Е-Қызмет» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

XII. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. Жоқ

 «Келісілді»

Жұмыс тобы мүшелері:

«Қобда аудандық экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

ММ бөлім басшысы                                                                М.Кустуртова

 

«Қобда аудандық экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

ММ сектор меңгерушісі                                                            Д.Назаров   

 

«Қобда аудандық экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

ММ бас маманы                                                                         Н.Наушабаева                                                   

Дата публикации
29 июня 2023