Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков государственного учреждения "Кобдинский районный отдел сельского хозяйства"

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша     

 

 

Қобда ауылы                                                             «21» маусым 2023 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы
    №12 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

 

  1. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бөлім басшысының 2023 жылғы 24 мамырдағы №14 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Туктибаев Бағдаулет Нуртилеуұлы

Қобда  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, топ жетекшісі

Алдамжарова Шолпан Нұрдаулетқызы

Қобда  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, топ мүшесі

Утянова Жанылай Мергенғалиқызы

Қобда  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, топ мүшесі

Қосанова Айымгүл Нұрбайқызы

Қобда  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, топ мүшесі

Сатувалдиев Аманғос Қуанышқалиұлы

Қобда  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, топ мүшесі

Туманчин Әділжан Мырзалыұлы

Қобда  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, топ хатшысы

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 24.05-21.06.2023 жыл аралығында жүргізілді.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2022 жыл және 2023 жылдың 5 айы кезеңі қамтылды.

 

  1. Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы
    Б.Түктібаев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

 

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

 

1) «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

2) «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. II. Талданатын объект туралы мәліметтер:

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді өндіру және де басқа да іс шаралар кешендерімен ұйымдастырушы мемлекеттік мекеме болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

         Бекітілген мекеменің Ережелеріне сәйкес бөліммен барлығы 57 функция іске асырылып келеді. 

Мекен-жайы: Қобда ауылы, Астана көшесі № 26 ғимарат.

 

III. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім мен орталыққа қатысты  өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

 

Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

 

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

 

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

 

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 49 бұйрығы;

 

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 жылғы № 13 санды бұйрығы;

 

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2022 жылғы № 453 санды бұйрығы;

 

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 21.12.2021 жылғы № 384 санды бұйрығы;

 

- «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

 

- «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы.

 

         ІV. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

 

«Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.

 

Бөлімнің штаттық құрылымы:

 

Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын

         1 (бір) бөлім басшысы.

         Бөлім басшысымен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын

         4 (төрт) бас маман,

         1 (бір) жетекші маман,

5 (бес) штаттан тыс қызметкерлер.

Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады.

 

Бөліммен жұмысқа қабылданған қызметкерлер:

 

№

                   Аты-жөні                  

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Алдамжарова Шолпан Нұрдаулетқызы

Бас маман

03 .05.2016 жыл

№10 –ж/қ

2

Утянова Жанылай Мергенғалиқызы

Бас маман

25 .07.2019 жыл

 №10 – ж/қ

3

Қосанова Айымгүл Нұрбайқызы

Бас маман

12 .07.2016 жыл

 №2 – ж/қ

4

Сатувалдиев Аманғос Қуанышқалиұлы

Жетекші маман

12 .07.2016 жыл

№5 ж/қ

5

Туманчин Әділжан Мырзалыұлы

Бас маман

01 .07.2017 жыл

 №12-ж/қ

6

Мырзекен Венера

Асқарқызы

Хатшы

30 .01.2023 жыл

 №5-ж/қ

7

Мықтыбаев Серікбай Сайлауұлы

Жүргізуші

29 .07.2016 жыл

 №9-ж/қ

8

Темірбаева Жанагүл Бақытқалиқызы

Еден жуушы

12 .07.2016 жыл

 №5-ж/қ

9

Балжигитов Сарбай Жунусович

Күзетші

01.01.2016 жыл

 №7-ж/қ

10

Науфалов Ұлықпан Аққанасұлы

Күзетші

01.02.2017 жыл

 №5-ж/қ

 

 

 

 

 

Бөлімдегі тәртіптік шаралар қолданылған қызметкерлер:

 

№

Аты-жөні

Қызметі

Тәртіптік шарасының болуы туралы мәліметтер

1

Сатувалдиев Аманғос Қуанышқалиұлы

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы

20.12.2022 жыл

№ 17 – ж/қ

ескерту

2

Туктибаев Бағдаулет Нуртилеуұлы

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

31.08.2022 жыл

№ 52 –ж/қ

ескерту

 

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлім арқылы 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

2022 жылдың қорытындысымен бөлім арқылы 201 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік корпорация 25, электронды үкімет порталы арқылы 176.

 

2023 жылдың 5 айында барлығы бөліммен 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік корпорация 6, электронды үкімет порталы арқылы 38.

 

 

Ауылшаруашылық саласындағы НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

 

№ 1 тәуекел

   Қобда аудандық ауылшаруашылығы бөлімімен шығарылған 2-ішкі бұйрықтарында  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 24 бабының 3-тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақталмаған және нақты мағынасы қамтылмаған.

     Атап айтқанда, Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелерi барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс. Жоғарыда аталған деректердегі мәтіндер сынаржақты қайталануларға жол берілген деректері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соқтыру ықтималдығы бар. 

 

      ҰСЫНЫС: Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар өздерi әзiрлеушi болған нормативтiк құқықтық актiлеріне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау қажет.  

 

 

VII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

 

VIII. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2022 жылдың 1 қаңтарына яғни 12 айға қаралған қаржы 33104,6 мың теңгені құрайды. 12 айдың қорытындысымен 33104,6 мың теңгесі толығымен игерілді.

2023 жылдың 5 айында 18863,7 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

Ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2022 жылға мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы 3718,0 мың теңге жоспарланған.

2023 жылдың 5 айына мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы барлығы 4235,2 мың теңге.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Бөлімде
    «Е-Өтініш», «Е-Лицензия», «Госагро», «Е-Қызмет» және т.б. автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

 

XI.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:

2022 жыл

Кіріс хаттар саны жалпы – 361

Шығыс хаттар саны жалпы – 558

 

2023 жыл 5 айы

Кіріс хаттар саны жалпы – 242

Шығыс хаттар саны жалпы – 250

 

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

         Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне 2022 жылы барлығы – 6 өтініш тіркелді. Оның ішінде, заңды тұлғалардан – 5, жеке тұлғалардан – 1 өтініш түскен. Бақылауға алынған өтініштер ішінен мерзімі кешіктірілгені жоқ.

         2023 жылы 5 айына заңды тұлғалардан 4, жеке тұлғалардан – 2 өтініш келіп түсті. Бақылауға алынған өтініштер ішінен мерзімі бұзылғандар жоқ.

 

Бөлімде атқарылған жұмыстар жөнінде:

Қобда ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 34.9 млрд. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен 107,4%. Ет өндіру 13806,4 мың тонна/102,8%, сүт 37523,6 мың тонна/102,5%, жұмыртқа – 7090,9 мың дана/66,7%

2022 жыл қаңтар-желтоқсан айларында аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 66704 бас мүйізді ірі қара/115,9%, 176281 бас қой-ешкі/117,1%, 29206 бас жылқы/127,3%, 34 бас түйе, 188 бас шошқа/102,2%, 64091 бас құс/107,7% бар.

2023 жылдың 5 айына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 7,350 млрд. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен 101,9%. Ет өндіру 1792,6 мың тонна/101,2%, сүт 9351,4 мың тонна/104,0%, жұмыртқа – 2347,9 мың дана/112,6%.

2023 жылдың 5 айына аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 69637 бас мүйізді ірі қара, 166015 бас қой, 13584 бас ешкі, 31936 бас жылқы, 34 бас түйе, 138 бас шошқа, 81037 бас құс бар.

 

Жем-шөп дайындау бойынша:

Қобда ауданы бойынша 2022-2023 жылдары мал қыстату кезеңіне қажетті мал азығын дайындау жоспары 278 100 тонна. 281 100 тоннаға орындалды/101,1%.

2023-2024 ж.ж. мал қыстату кезеңіне қажетті мал азығын дайындау жоспары 306 000 тонна. Бүгінде шөп шабу жұмыстары басталып кетті.

Есепті жылы аудан бойынша егіс алқабы 45055 га құрады, 500 га күздік бидай, 4390 га жаздық бидай, 3970га арпа, тары 100 га, қарақұмық 5 га, 4178 га майлы дақылдар, өткен жылдардағы көп жылдық шөптер 21191 га, 10088 га мал азығы, картоп 256 га, көкөніс 212, бақша 165 га.

 

2022 жылғы Қобда ауданы бойынша егін жұмыстары

2022 жылы жиналған дәнді дақылдар алқабы барлығы 8965 га (оның ішінде күздік дақылдар – 500 га, жаздық дақылдар 8465га), майлы дақылдар 4178 га ( оның ішінде күнбағыс –8 га, мақсары – 4170 га).

Егін ору науқанына барлығы 25 бірлік комбайн және 37 бірлік астық таситын автокөлік пен тіркемелер жұмылдырылды.

Дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Барлығы 8965 га егін (өнімділігі 14,1 ц/га)  жиналып 12650 тонна өнім алынды (оның ішінде күздік бидай 500 га (15ц/га) 750 тонна, бидай 4390 га (12,2ц/га) 5360 тонна, арпа 3970 га (16,1 ц/га) 6415 тонна, тары 100 га (12ц/га) 120тонна, қарақұмық 5 га (10ц/га) 5 тонна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Майлы дақылдар 4178 га толығымен жиналып (9ц/га) 3784 тонна өнім алынды.Көкөніс 212 га жиналып (өнімділігі 239 ц/га) 5063 тонна (100%) және бақша 165  га жиналып (өнімділігі 233ц/га) 3846  тонна (100%) өнім алынды. Картоп 256 га жиналып (191ц/га) 4885 тон

2023 жылғы көктемгі егістік жұмыстары жоспар бойынша 30 мамыр күні аяқталды. Жалпы 15873 га жаздық дақылдар егілді. Оның ішінде: дәнді дақылдар 8230 га, майлы дақылдар 1800 га, мал азығы дақылдары 5164 га, картоп 250га, көкөніс 238 га, 191 га бақша. Тапсырма 100,1% орындалды.

 

 

«Келісілді»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің басшысы                                                                Б.Түктібаев

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің бас маманы                                                  Ш.Алдамжарова

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің бас маманы                                                 Ж.Утянова

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің бас маманы                                                 А.Қосанова

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің жетекші маманы                                          А.Сатувалдиев

 

Қобда аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің бас маманы                                                 А.Туманчин

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Бөлім басшысы                                             

Дата публикации
29 июня 2023