Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков государственного учреждения» Кобдинский районный отдел архитектуры, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қобда  ауданы                                                                14 маусым 2023  жыл

І. Кіріспе

Қобда ауданы мемлекеттік мекемелерінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығы, Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің №6 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу 2022 жылғы                31 желтоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті туралы:

 ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, мемлекеттік қызметтер Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен көрсетіледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 16 түрі бойынша барлығы 598 қызмет көрсетілді.

Оның электрондық түрде  352 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік корпорация арқылы 246 қызмет көрсетілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша ішкі талдау кезінде кемшіліктер анықталды.

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы жеке және заңды тұлғалардан – 41 арыз-өтініш түскен.

 2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер:

Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарма қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу мақсатында мақалалар жариялаудағы жұмыстарын одан әрі жалғастыру.

Басқарманың интернет сайтының жұмыс атқаруын одан әрі қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруын қажетсінеді.

 2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылдың 1 жартыжылдығына арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспары» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №54 аудан әкімінің өкімімен бекітілген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР заңнамасының нормаларын аудан қызметкерлеріне түсіндіру мақсатында құқықтық білім беру және құқықтық насихатты жүргізуде дәрістер ұйымдастырылуда, интернет сайтқа қажетті ақпараттар енгізілуде, табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Аудан бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жұмыс бабындағы Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Кенжебек Есет Серекбайұлына тәртіптік жаза қолданылған.

2.6. Кадрлық-ұйымдастырушылық жұмыстар туралы:

Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымына сәйкес 6 мемлекеттік қызметкер, 1 – вакант (сектор меңгерушісі), 5 мемлекеттік қызметкер, 1 жүргізуші, 2 тыс қызметкер.

ІІІ. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туында отыр:

         Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында мемлекеттік мекеменің көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 16 түрі бойынша нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасалды.

          «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция(қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» , «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» , «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» , «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» , «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» , «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ
жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» , «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» , «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» , «Тұрғын үй сертификаттарын беру» , «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру», «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» , «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» , «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» , «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» , «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау»  мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

         Барлық мемлекеттік қызметтерге жауапты маман тағайындалып, өз қызметтерін уақытылы орындалуда. Алайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 30 қарашадағы № 69 бұзушылықты жою туралы ұйғарымына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша орын алған кемшіліктер болып, тиісті маманға тәртіптік жаза қолданылды.                                                                

 Қобда аудандық сәулет,

құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы                              Т.Мадияр

 

Талдамалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қобда  ауылы                                                                                   14 маусым 2023  жыл

І. Кіріспе

Қобда ауданы мемлекеттік мекемелерінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығы, Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің №6 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу 2023 жылғы                31 мамырдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті туралы:

 ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, мемлекеттік қызметтер Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен көрсетіледі.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 16 түрі бойынша барлығы 277 қызмет көрсетілді.

Оның электрондық түрде  224 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік корпорация арқылы 53 қызмет көрсетілді.

А.ж. қаңтар-мамыр айлары  бойынша Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша ішкі талдау кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.

2.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты:

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау мен тіркеу жүзеге асырылуда.

Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыр аралығында барлығы жеке және заңды тұлғалардан –7 арыз-өтініш түскен.

 2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер:

Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарма қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу мақсатында мақалалар жариялаудағы жұмыстарын одан әрі жалғастыру.

Басқарманың интернет сайтының жұмыс атқаруын одан әрі қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруын қажетсінеді.

 2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылдың 1 жартыжылдығына арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспары» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №54 аудан әкімінің өкімімен бекітілген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР заңнамасының нормаларын аудан қызметкерлеріне түсіндіру мақсатында құқықтық білім беру және құқықтық насихатты жүргізуде дәрістер ұйымдастырылуда, интернет сайтқа қажетті ақпараттар енгізілуде, табыс туралы декларацияны салық органына ұсынылды, «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

2.5. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Аудан бойынша 2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыр аралығында Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жұмыс бабындағы тәртіптік жазалар қолданылмаған.

2.6. Кадрлық-ұйымдастырушылық жұмыстар туралы:

Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымына сәйкес 6 мемлекеттік қызметкер, 1 жүргізуші, 1 тыс қызметкер.

 ІІІ. НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

 1-тәуекел

          3.1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің   2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығының 12 тармағында:

         Бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:

         осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

         осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

         осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;

         осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды» делінген.

         Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады.

         Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

         Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

         Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

         Бөлім яғни Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құрал-жабдықтар қаралмаған.

         Талдаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс объектілерін құқық қорғау органдары тарапынан тексерулер саны айтарлықтай өскені байқалады.

                   Іс жүзінде барлық жағдайларда жауапкершілікке тек бөлім қызметкерлері тартылатынын, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша елеусіз қалатынынерекше атап өткен жөн.

         Бөлім қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады ("Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына ( 3-1-қосымша).

Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің ҚМЖ көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.

         Сондай – ақ, мемлекеттік қызметшілер 1 млрд.теңге құны бар объектілер бойынша орта есеппен 20,0 - 40,0 млн. теңгені құрайтын техникалық қадағалау кірістерімен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз жалақы алатынын (мемлекеттік қызметкерлер 200-ден 300 мың теңгеге дейін (штаттан тыс қызметкерлер 110-130 мың теңгеге дейін)атап өту қажет.

ҰСЫНЫМ:

- Жоғарыдағы мән-жайлардың негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу   органға ұсыным хат жолдау қажет.

2-тәуекел

 3.2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңның 12-бабына 4-тармағына сәйкес, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндеттелген.

Бөлім тарапынан осындай өнім берушілерге Қазақстан Респбликасының «Азаматтық процестік кодесіне» сәйкес, ескерту хаттары жолданып келеді. Мемлекеттік сатып алу шартын бұзған өнім берушілерді тиісті заңдылықтарға сәйкес отыз күн ішінде Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыздар берілуде. Жәнеде бөлімнің талап арызына сәйкес аталған заң бұзушылықтар сот органдарында ұзақ мерзімде қаралып құқықтық олқылықтар анықталуы мүмкін.

Осылайша талап арыз қанағаттандырудан бас тартылып Мемлекеттік сатып алу туралы заңын бұзу фактісінен жеңіл құтылады.

ҰСЫНЫМ:

-Мемлекеттік сатып алу туралы порталына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, мұндай әлеуметті өнім берушілердің  ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңын бұзғандығы туралымәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталына көрінетіндей автоматты жүйе қалыптастыру туралы;

- ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет деп санаймыз. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы ұсынымдар беру қажеттілігі ұсынылады.

3-тәуекел

3.3. Әлеуетті өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан: Ал, міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындаған) жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы қаралған.

Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152 - бабына сәйкес,мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді.

Сонымен қатар, Шарт бойынша жұмыстарды қасақана кешіктірген әлеуетті өнім берушілер ескерту хатына сәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арыз берілуін күтеді. Себебі: Көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 пайызға дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.

Бұл өз кезегінде, қызмет барысында Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда.

ҰСЫНЫМ:

Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы;

- Сотқа аппеляциялық шағым келтіру кезінде екі жақты шартқа сәйкес және бөлімнің ережесіне сәйкес, жоғары тұрған органның келісімінсіз тікелей аппеляциялық шағым келтіру туралы ұсынымдар беру қажет.

 4-тәуекел

      3.4. ҚР Жер Кодексінің "Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру" 44-1-бабы 4-тармағында елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін сұраған кезде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жер учаскесін оның ахуалдық схемасымен таңдау актісін дайындайтыны, сәулетті-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі-СЖТ), техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағы, топография және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не Келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде келісуге жібереді. Демек,  жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты алмай-ақ алуға болады.

     Сондай-ақ, инженерлік және коммуналдық көздеріне қосылуға қамтамасыз ететін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын тапсырыс беруші (көрсетілетін қызметті алушы) жобалаушымен бірлесіп жобалық техникалық қуаттарды (жүктемелерді) көрсете отырып жасайды және тапсырыс беруші қол қояды. Сонымен қатар, сауалнама парағын жасау кезінде құқық белгілейтін құжатты, ғимараттың ауданын көрсету қажет.

Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілер бір-біріне қайшы келеді, қақтығыстар мен олқылықтар орын алады, бұл нақты критерийлер болмаған кезде өз қалауы бойынша түсуге мүмкіндік беретін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай туғызатын (нормативтік-құқықтық актілердің бірінің негізінде оң немесе теріс шешім қабылдау бөлігінде) дискрециялық нормалардың бар екендігін көрсетеді.

ҰСЫНЫМ: ҚР Жер кодексінің 44-1-бабы 4-тармағына мынадай өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау: жер учаскесін таңдау актісін дайындаумен бір мезгілде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, сауалнама парағын дайындауды алып тастау.

 5-тәуекел

 3.5. ҚР "ҚР сәулет, қала құрылысы қызметі туралы" Заңының 26-бабының 9-тармақшасына сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің есебін жүргізу аудан әкімдіктеріндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы органның  құзыретіне жатады. "Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ қызметін жүзеге асыру барысында нормативтік актілерде мынадай қайшылықтар анықтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 заңының 22 бабына сәйкес,  "жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салу эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобасын әзірлеу, оны сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету талап етілмейді", яғни құрылысы аяқталған техникалық жағынан күрделі емес объектілерді пайдалануға қабылдауды меншік иесі дербес жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен бекітілген салынған объектіні меншік иесінің пайдалануға қабылдауы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісімен меншік иесі дербес мынадай объектілерді қабылдайды: жеке тұрғын үй, саяжайлар, гараждар,жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар, маусымдық жұмыстарға және шалғайдағы мал шаруашылығына арналған шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, қоймалар мен қоймалар (биіктігі 2 қабатқа дейін және ауданы 2000 ш.м. дейін (қоса алғанда). Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісімен меншік иесі өз бетінше мынадай объектілерді қабылдайды: (контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар); жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар); екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждар; техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар.

 Жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілер бір-біріне қайшы себебі,    «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 74-бабында, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен бекітілген салынған объектіні меншік иесінің пайдалануға қабылдау қағидаларының 2-3 қосымшасында көрсетілген нысан атаулары көрсетілмеген.

ҰСЫНЫМ:  "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 74-бабында және "салынған объектіні меншік иесінің өз бетінше пайдалануға қабылдау қағидаларында" қайшылықтарды жоюға бастамашылық жасау.

 6-тәуекел

    3.6.  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-бөлігіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, су басу қауіпі бар аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады деп аталған.  қарастыру Осыған орай су басу қауіпі жоғары елді мекендердегі тұрғындарды төтенше жағдай кезінде, электро қуат өндіруші және су соратын жүйелерімен және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етуі қажет. Себебі, төтенше жағдай оқыс жағдайларда орын алған реттерде, әзірліксіз отырған жергілікті халықтың Конституциялық құқықтарының бұзылуына жол беріледі. Одан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер түрінің туындауына әкеліп соқтыруы ықтимал. 

 Ұсыныс:

«Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4 бабының 19-тармақшасына сай, табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер – ғимараттарда табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың, жылыту және (немесе) ыстыұ сумен жабдықтау мақсаттары үшін жылу энергиясымен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері қарастырылуы шарт.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың  үлгілік шарттарының (Ұлттық экономика министрінің 24.06.2019 жылғы № 58 бұйрығымен бекітілген) 6-қосымшасына сәйкес, сумен жабдықтау және (немесе) су бұрдуың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарттары бекітілген.

Үлгілік шарттарының 6-тарауының 13, 20-тармақтарына сәйкес, өнім беруші профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде тұтынушыға ауыз суын көлік құралдарымен жеткізіп беруге, авариялар мен зақымдануларды уақытылы жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндетті.  

 7-тәуекел

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71 бабы 5 – тармағында, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайға мұқтаждар есебінде тұрған, Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын жайға мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың және кезектіліктің электрондық базасын пайдалан отырып, жыл сайын түгендеу жүргізеді делінген. Яғни, жергілікті атқарушы орган өз құзіреті шеңберінде, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71 бабы, 5-тармағына сәйкес, электрондық базаны қолдана отырып, жыл сайын түгендеу жүргізу қажет. Алайда түгендеу жүргізу үшін бөлім тарапынан Заң талаптарын орындау мүмкіндігі жоқ.

Осы кезде қиындықтар туындайды да, «kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы алынатын құжаттарға қол жеткізу мүмкін емес болып, бөлім қызметкерлері жеке тұлғадан қағаз түрінде анықтамаларды сұратуы мүмкін. Осы кезде бөлім қызметкерлерімен жеке тұлғалармен тікелей байланыста болуына байланысты сыбайлас жемқорлық жасау тәуекелдері болуы мүмкін.

Ұсыныс:

    Тұрғын үй кезегінде  тұрған азаматтардың жеке деректерін тексеру кезінде әр азаматтан келісім сұрау функциясы алынып тасталса

8-тәуекел

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» 102 бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының газ пештері (оператор) жұмысшыларына, мереке және демалыс күндеріндегі жасаған жұмыстарына үстеме ақы төлемдері толық көлемде жүргізілмеуіне байланысты, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының 29.03.2023 жылғы № 89 тексеру актісі мен 29.03.2023 жылғы № 231500300000066 хаттамасының қорытындысы бойынша газ пештерін жағатын операторларға қосымша жалақы төленіп есептелді. Жалақы есептеу кезіндегі орын алған қателіктер жалпы жойылған.

 Ұсыныс:

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» 101 бабына сәйкес еңбекті нормалау жұмыс беруші еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізулді талап етеді.

         Қобда аудандық сәулет, құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында мемлекеттік мекеменің көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 16 түрі бойынша нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасалды.

          Қорытынды

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:

  «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция(қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» , «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» , «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» , «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» , «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» , «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ
жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» , «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» , «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» , «Тұрғын үй сертификаттарын беру» , «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру», «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» , «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» , «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» , «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» , «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау»  мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

         Барлық мемлекеттік қызметтерге жауапты маман тағайындалып, өз қызметтерін уақытылы орындалуда. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер орын алған кемшіліктер жоқ.                                                              

 Қобда аудандық сәулет,

құрылыс, ТҰКШ, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы                              Т.Мадияр 

 

Дата публикации
29 июня 2023