ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
Қобда ауылы «___» _________ 2023 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ:
|
Жолдыбаева Разия Мырзабекқызы |
Қобда аудандық жұмыспен |
|
Нуркеев Даул Жекешұлы |
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, топ мүшесі |
|
Умаров Нурболат Сексенғалиұлы |
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, топ мүшесі |
|
Сингараев Рустам Әлпесұлы |
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, топ мүшесі |
|
Кубланова Анаргүл Ізтұрғанқызы |
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, топ мүшесі |
СИПАТТАМА БӨЛІМ:
1) «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мемлекеттік тіркеумен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Бекітілген мекеменің Ережелеріне сәйкес бөліммен барлығы 88 функция іске асырылып келеді.
Мекен-жайы: Қобда ауылы, И.Е. Көпжасаровтар көшесі № 33 ғимарат.
III. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім мен орталыққа қатысты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
Бөлім мен орталықтың қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудың және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;
- «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы;
- «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы;
- «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. бұйрығы;
НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:
1-ші тәуекел:
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 қағидасының 2-қосымшасында туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылданатындығы көрсетілгенімен, портал қызметінің дұрыс жасамау салдарынан қабылданбайды.
Аталған әлеуметтік көмектің құжаттарын электронды портал арқылы қабылдау сектор қызметкерлер мен азаматтардың тікелей байланыс жасауын шектейді және сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдерін жояды.
ҰСЫНЫМ: Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері туындамас үшін туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында аталған порталға өзгерістер енгізуді ұсынамыз.
2-ші тәуекел: Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленуіне сәйкес аудандық соттың шешімдері негізінде және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 119-бабына сәйкес өтініш иелеріне аудан әкімінің қаулысы тағайындалады.
Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау барысында өтініш үлгілері, ұсынылатын құжаттар тізімі, қарау мерзімі, қызмет көрсету тәртібі, нормативтік құқықтық актілері белгіленбеген.
Бұл өз кезегінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға (туыстары арасында) қорғаншы немесе қамқоршы болуға ниет білдірушілер санының артуына және өтініш беруші азаматтар арасында наразылықтар туындатуда.
ҰСЫНЫМ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында» қамқоршы және қорғаншы тағайындауды рәсімдеуде қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекітіп, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы өтініште «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 122-бабының 1-бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақтарында көрсетілген шектеулер бойынша мәліметтер болуды енгізу.
3-ші тәуекел: Бөлім арқылы 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бұйрықтың «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген.
Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ.
Бұйрықта тек қайтарып алуды жүргізеді деп аталғанымен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарын айқындау барысында белгілі бір алгоритмнің жоқ болуына байланысты, ешбір нақты зандылықты ұсына алмайды.
Бұл ретте, бөлім қызметкерлеріне жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығына немесе асырмағандығына қарамастан қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуға мүмкіндік туғызуы мүмкін.
ҰСЫНЫМ: «Енбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығының 4-тарауына толықтырулар (жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша жұмыс тобын құру, рейд жүргізу, хаттамалау, актілеу, ұсыныс енгізу, ескертпе беру және т.б. шараларды атқару алгоритімін енгізу) енгізіп, аталған тарауға нақты алгоритм енгізу ұсынылады.
ІV. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
Бөлімнің штаттық құрылымы:
Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын
1 (бір) бөлім басшысы.
Бөлім басшысымен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын
1 (бір) сектор меңгерушісі,
3 (үш) бас маман,
2 (екі) штаттан тыс қызметкерлер,
8 (сегіз) әлеуметтік қызметкерлер.
Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады.
Бөлімдегі тәртіптік шаралар қолданылған қызметкерлер:
|
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
Тәртіптік шарасының болуы туралы мәліметтер |
|
1 |
Даулетияров Асылбек Куанышкалиұлы |
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы |
19.05.2022 жыл № 01-03/4 ескерту |
|
2 |
Сингараев Рустам Алпесұлы
|
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы |
07.06.2022 жыл № 01-03/5 ескерту |
Сыбайлас жеморлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар туралы:
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу секторының қызметкерлері |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 қағидасының 2-қосымшасында туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылданатындығы көрсетілгенімен, портал арқылы қабылданбайды. Сол себепті, бөлімнің әлеуметтік төлемдер секторының қызметкерлері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары |
|
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер секторының қызметкерлері |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленуіне сәйкес аудандық соттың шешімдері негізінде және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 119-бабына сәйкес өтініш иелеріне аудан әкімінің қаулысы тағайындалады. Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау барысында өтініш үлгілері, ұсынылатын құжаттар тізімі, қарау мерзімі, қызмет көрсету тәртібі, нормативтік құқықтық актілері белгіленбеген. Сол себепті, бөлімнің ұйымдастыру, кадр, ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер секторының қызметкерлерімен мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары |
|
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы секторының қызметкерлері
|
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Бөлім арқылы 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұйрықтың «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ. Бұйрықта тек қайтарып алуды жүргізеді деп аталғанымен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарын айқындау барысында белгілі бір алгоритмнің жоқ болуына байланысты, ешбір нақты зандылықты ұсына алмайды. Сол себепті, бөлімнің халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы секторының қызметкерлері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары |
Бөлім арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 7 халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.
2022 жылдың қорытындысымен бөлім арқылы 4902 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның мемлекеттік орган арқылы 6, мемлекеттік корпорация 44, электронды үкімет порталы арқылы 4852, белгілі себептермен бас тартқаны 49 қызмет. Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 86,6 пайыз құрап отыр.
2023 жылдың 5 айында барлығы бөліммен 744 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік орган арқылы 0, мемлекеттік корпорация 19, электронды үкімет порталы арқылы 725, белгілі себептермен бас тартқаны 2 қызмет.
VII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
VIII. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ.
IX.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, 2022 жылға жалпы 237 318,5
(РБ-76 507,0 мың тг, ОБ-8 039,0 мың тг, ҰҚ-2 850,0 мың тг, ЖБ-149 922,5 мың тг) мың теңге қаржы бөлінді.
2023 жылдың 5 айында 76 132,0 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді.
X.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Бөлімде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу қызметі жоқ.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2022 жылы бөліммен тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 65 032,1 мың теңгеге 30 сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шарт бойынша аталған жұмыстар өз мәнінде жүргізілді. 2022 жылы келісім шарт талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері орын алған жоқ.
Ал, 2023 жылдың 5 айында тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 10 166,5 мың теңгеге 11 сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шартқа сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
XI.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Бөлімде
«Е-Өтініш», «Е-қызмет», «Әлеуметтік көмек», «Бұлтты құжат айналымы (ОДО)», «Еңбек нарығы», «Шетелдік жұмыс күші», «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.
XII.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2022 жылы барлығы – 7 өтініш тіркелді. Оның ішінде, заңды тұлғалардан – 0, жеке тұлғалардан – 7 өтініш-шағымдар және сұрау салулар мен ұсыныстар түскен. Жұмыс сұрағандар – 1, тұрмыс жағдайына байланысты көмек сұрағандар – 1 және басқа да сұрау салулар мен ұсыныс жасаған өтініштер. Бақылауға алынған өтініштер ішінен мерзімі кешіктірілгені жоқ.
2023 жылы заңды тұлғалардан - 6, жеке тұлғалардан – 3 арыз, өтініш-шағымдар және де сұрау салулар мен ұсыныстар келіп түсті. Бақылауға алынған өтініштер ішінен мерзімі бұзылғандар жоқ.
Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2023 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 2755 адам.
Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 2638 адам.
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 575 адам тартылды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 1385 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 735, уақытша 650.
Жыл басынан хабарласқан мүгедектігі бар адамдар саны 94, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 33 адам, қайтарымсыз грант алғандар 8 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 19, жастар практикасына 5, әлеуметтік жұмыс орындарына 9, кәсіптік оқуға жіберілгендер 2 адам, Бастау бизнес жобасына 18 адам қатысты.
Жыл басынан бөлімде 19-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 45 мекемеден 107 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 193 адам қатысты. Оның ішінде 39 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 43, әлеуметтік жұмыс орындарына 15, жастар практикасына 30 жас маман жолданды. Сонымен қатар 66 адамға ҚР «Еңбек кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.
Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде ҚАЖ есебіндегі 10 адам тіркеліп, 3 адам тұрақты жұмыстарға орналасты. Олардың ішінен жыл көлемінде 6 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 2 адам кәсіби оқуға тартылды, 1 адамға әлеуметтік жұмыс орны жіберілді.
2022 жылы жергілікті атқарушы орган арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызметі» бойынша 14 адамға рұхсат берілді.
2022 жылдың желтоқсан айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 4,8 пайыз.
Әлеуметтік төлемдер бойынша:
- 451 005 011 бағдарламасы бойынша «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек» республикалық бюджеттің атқарылуынан қаражат бөлді
24 388,0 мың теңге немесе 100,0%. Берілген өтініштер бойынша 62 отбасыға – 311 адамға 18394 мың теңгеге мемлекеттік атаулы көмек көрсетілді. Кепілді әлеуметтік пакетті 100 адам 5 994,0 мың теңге алды.
-451005028 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен, орындалуы 1 655,0 мың теңге немесе 100,0 %. Берілген өтініштер бойынша 62 отбасыға – 311 адамға 1000,0 мың теңгеге мемлекеттік атаулы көмек көрсетілді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 100 адам 655,0 мың теңге алды.
-451005047 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» жоспары 7902,3 мың теңге, орындалғаны 7901,7 мың теңге немесе 99,9%. атаулы әлеуметтік көмек – 311 алушыға 7 902,3 мың теңге сомасында көрсетілген көмек;
-451004047 «Ауылдық елді мекендерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету» орындалу 16828,6 мың теңге немесе 100,0%, алушылар 1323 адам. Әлеуметтік көмек білімге – 943 адамға – 11 995,0 мың теңге, денсаулық сақтауға – 178 адамға – 2 264,1 мың теңге, әлеуметтік қамсыздандыруға – 22 адам – 279,8 мың теңге, мәдениетке – 88 адамға – 1119,4 мың теңге, ветеринарияға – 64 адамға бөлінген. -814,1 мың теңге. және спортқа 28 адамға – 356,2 мың теңге (бір адамға әлеуметтік көмек 12720 теңге).
- 451014011 «Мұқтаж азаматтарға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету» бойынша республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 4646,0 мың теңге қаражат бөлініп, 100,0%, еңбекақы қоры 4646,0 мың теңге – 6,5 штат бірлігін құрады.
- 451014055 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бойынша ұлттық қордан ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 2 850,0 мың теңге немесе 100 пайызға орындалды, оның ішінде жылдық еңбекақы қоры 2 850,0 мың теңгені құрады – 6,5 штаттық бірлікті қызметкерлер.
- 451014047 орындалғаны 6 926,0 мың теңге немесе 100%, оның ішінде жылдық еңбекақы қоры 6 804,8 мың теңгені құрады – қызметкерлердің 6,5 штат бірлігі, 121,2 мың теңгесі – басқа да тауарларды сатып алу бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер саны бойынша үй – 10 адам. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандар саны – 22 адам.
- 451 050 047 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру» жоспары 3 500,0 мың теңге, орындалуы 100,0 %, (40 адамға ИНВАТАКСИ қызметі көрсетілді.)
- 451054011 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 28 051,0 мың теңге немесе 100 % орындалды, оның ішінде:
- жартылай стационар жағдайында – жоспар 9 220,0 мың теңге орындалғаны 9 220,0 мың теңге немесе 100% (Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету – 10 адам)
- үй жағдайында - жоспар 18 831,0 мың теңге орындалғаны 18 831,0 мың теңге немесе 100%, (Зейнеткерлерге, (қарттарға) зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету - 50 адам).
-451054015 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» аудандық бюджет есебінен 18 000,0 мың теңге немесе 100,0 % орындалды,
- Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы – жоспар 18 000,0 мың теңге орындалғаны 18 000,0 мың теңге немесе 100,0 % (40 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
-451021047 Мемлекеттік органның күрделі шығындары 294,6 мың теңге Компьютер алынған.
Жекелеген санаттар бойынша даталы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
- 451007015 «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 1580,0 мың теңге немесе 100,0% орындалды, азаматтарға 48 адамға берілді.
- 451007047 «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бойынша 51 615,5 мың теңге қаражат бөлінді, орындалуы 51 615,0 мың теңге немесе 99,9 %, жоспардан ауытқуы 0,5 мың теңге – шот қалдықтары. Азаматтарға 895 адам берілді, оның ішінде:
- 1,2,3 топ мүгедектеріне – 1 топ – 27 адамға – 1 350,0 мың теңге, 2 топ – 134 адамға – 6 700,0 мың теңге, 3 топ – 235 адамға – 11 750,0 мың теңге төленді;
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 56 адамға – 2800,0 мың теңге төленді;
- амбулаторлық емделушілерге (онко, туберкулез, ВИЧ) – 35 адам – 6 185,2 мың теңге төленді;
- 9 мамырда Екінші дүниежүзілік соғысқа тыл және оған теңестірілген қатысушыларға -145 адамға -9 950,0 мың теңге төленді.
- жол ақысы -9 адам -466,4 мың теңге төленді.
-үйде оқу ақысы -9 адам -428,4 мың теңге төленді.
- екінші дүниежүзілік соғысқа тыл және оған теңестірілген қатысушыларға жылу беру маусымы кезеңіндегі 149 адамға -4 890,0 мың теңге төленді.
- өмірлік қиын жағдайда қалғандарға төлем -80 адам -7 715,0 мың теңге.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы бойынша:
- 451017011 «Міндетті гигиеналық құралдармен мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету» республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 19 422,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, орындалғаны 19 422,0 мың теңге немесе 100%, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту). – 27 мүгедекке 5180,0 мың теңге.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (зәр қаптары) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту). – 1 мүгедекке 200,0 мың теңге.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту (Колоприемниктер)). - 3 мүгедекке 872,0 мың теңге.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (Техникалық құралдардың тізбесін кеңейту)). – 30 мүгедекке 2552,0 мың теңге.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (Тифлотехникалық құралдар). - 5 мүгедекке 1379,0 мың теңге.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (протездік-ортопедиялық құралдар). - 2 мүгедек 95,0 мың теңгеге.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (Арнайы көліктер). - 2 мүгедек 375,0 мың теңгеге.
-Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту (санаторлық-курорттық емдеу) бойынша КТТ. - 3500,0 мың теңге сомасында 20 адам.
- Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша КТТ (кохлеарлық имплант). - 5 145,0 мың теңге сомасына 1 адам.
-451017015 «Міндетті гигиеналық құралдармен мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету» аудандық бюджет есебінен 63,2 мың теңге қаржы бөлініп, орындалуы 100,0 %:
Мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету – Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілер – 14 адам жоспар 63,2 мың теңге 100,0% орындалды.
- 451017028 «Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен облыстық бюджеттен 6 384,0 мың теңге қаржы бөлініп, орындалуы 6 384,0 мың теңге немесе 100 % құрады, оның ішінде:
- санаториялық-курорттық емдеуге. - 3003,0 мың теңгеге 18 адам.
- Көмекші компенсаторлық құралдар үшін. -233,0 мың теңге сомасында 27 адам.
- Арнайы көліктерге арналған. - 1962,0 мың теңгеге 12 адам.
- протездік-ортопедиялық құралдар туралы. -1186,0 мың теңге сомасында 9 адам.
-451017047 «Міндетті гигиеналық құралдармен мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету» республикалық бюджеттің субвенциялары есебінен 13 476,3 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, орындалуы 100,0 %:
Мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету – Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілер – 14 адам жоспар 13 476,3 мың теңге 100,0 пайызға орындалды.
Бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша, ҰСЫНЫМДАР
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:
1.1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» қағидасының 2-қосымшасындағы туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында аталған порталға (www.egov.kz) өзгерістер енгізу;
1.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында» қамқоршы және қорғаншы тағайындауды рәсімдеуде қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекітіп, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы өтініште «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 122-бабының 1-бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақтарында көрсетілген шектеулер бойынша мәліметтер болуды енгізу;
1.3. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығының 4-тарауына өзгерістер енгізіп, аталған тарауға нақты алгоритм енгізу бойынша ұсыну хатын жолдауды.
«Келісілді»
Жұмыс тобы мүшелері:
Қобда аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің сектор меңгерушісі Д. Нуркеев
Қобда аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы Р. Сингараев
Қобда аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы А.Кубланова
Қобда аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы Н.Омаров
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Бөлім басшысы Р.Жолдыбаева
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Қобда ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу секторының қызметкерлері |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 қағидасының 2-қосымшасында туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға берілетін әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы арқылы қабылданатындығы көрсетілгенімен, портал арқылы қабылданбайды. Сол себепті, бөлімнің әлеуметтік төлемдер секторының қызметкерлері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары |
|
Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер секторының қызметкерлері |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленуіне сәйкес аудандық соттың шешімдері негізінде және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 119-бабына сәйкес өтініш иелеріне аудан әкімінің қаулысы тағайындалады. Қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау барысында өтініш үлгілері, ұсынылатын құжаттар тізімі, қарау мерзімі, қызмет көрсету тәртібі, нормативтік құқықтық актілері белгіленбеген. Сол себепті, бөлімнің ұйымдастыру, кадр, ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс және әлеуметтік төлемдер секторының қызметкерлерімен мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары |
|
Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы секторының қызметкерлері
|
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Бөлім арқылы 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұйрықтың «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері кайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ. Бұйрықта тек қайтарып алуды жүргізеді деп аталғанымен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарын айқындау барысында белгілі бір алгоритмнің жоқ болуына байланысты, ешбір нақты зандылықты ұсына алмайды. Сол себепті, бөлімнің халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы секторының қызметкерлері мен құжат тапсырушы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Ішкі талдау кезеңінде бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары |