«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде төмендегі сайлау округтері құрылсын:
1) Жиренқопа ауылдық округі әкімін – Жиренқопа ауылдық округінің шекараларында Жиренқопа сайлау округі;
2)Қобда ауылдық округі әкімін - Қобда ауылдық округінің шекараларында Қобда сайлау округі.
2.Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.
Қобда аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Оразова
Қобда аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қожабекова
№ 33
21 маусым 2023 жыл