Ақрап және Бұлақ ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

 Ақрап және Бұлақ  ауылдық

округтері әкімдерін  сайлау  қорытындылары туралы

ХАБАР

        2023 жылғы   30 сәуірде Қобда  ауданының  Ақрап және Бұлақ ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы  Ақрап  және  Бұлақ сайлау округтері бойынша өтті.

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының  Қобда  ауданының Ақрап және Бұлақ  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Ақрап сайлау округі

        Ақрап ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

        Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне  365 азамат енгізілді, олардың  276 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 15.

       Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:       

      Егізбаев Е.С. -  23 , Ізімғалиев А.Т. - 37,  Шудабаев С.Н.  - 195.

       Шудабаев Санат Нұрланұлы- 1988 жылы дүниеге келген, Қобда аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының  тұрғыны,  «АМАNAТ»  партиясы ұсынған, Ақрап  ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Бұлақ сайлау округі

      Бұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: 

      Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне  710 азамат енгізілді, олардың  396 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 16,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  -  21.

        Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:   Манашев А.Б.  - 38 ,  Нұрмағанбетов  С.Ә.- 288 ,  Төреев А.Е.  - 33.

        Нұрмағанбетов Серік Әлібекұлы - 1980 жылы дүниеге келген, жұмыссыз, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсыну тәртібімен  ұсынылған, Бұлақ   ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.                                    

                    Қобда  аудандық сайлау комиссиясы

Oб итогах выборов
Дата публикации
01 мая 2023