Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулының 1 тармағы: 2023 жылға арналған Қобда ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін деген сөздермен толықтырылсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.