Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар, 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар, 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
- Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6172 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қобда аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Уразова