Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы N 138 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.20  N 597  Қаулысымен.

  1. Қоса берiлiп отырған Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
    Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.20  N 597  Қаулысымен.
  2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi екi апта мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiтсiн.
    Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.20  N 597  Қаулысымен.
  3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 115-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру ережесiнде:
      1-тармақтың 6) тармақшасындағы "отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комиссиялар" деген сөздер "отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiнде:
      15-тармақтың 1) тармақшасындағы "және әйелдер iстерi" деген сөздер "iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) <*>
      Ескерту. 3-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.02.  N 79  қаулысымен.

  1. "Облыстың (Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 194  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 56-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Дата публикации
12 января 2023