«Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Жалпы ережелер
«Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен құрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген саласындағы (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.