Қобда ауданының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
«Қобда ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» деп аталатын мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлектік басқару және бақылау қызметтерін атқару жүктелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Қобда ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.