Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесі

     «Қобда аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

     Жалпы ережелер

     «Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Бөлім) аудандағы осы саланың  болашақтағы дамуы мен жағдайы үшін Қобда ауданы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саяси топтастықты жүзеге асыратын мемелекеттік мекеме болып табылады.

     «Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің  бұйрықтарын, Қобда ауданы әкімінің және Қобда аудандық әкімдігінің актілерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алады.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесі
Дата публикации
10 января 2023