«Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер.
«Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім) деп аталатын мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында индустриялық оның ішінде ғылыми-техникалық, инновациялық даму сондай – ақ кәсіпкерлікті дамыту саласында және экономиканың шикізатсыз секторында жеке инвестицияны ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру қызметтерін атқару жүктелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай –ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.