«Қобда аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
«Қобда аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- қаржы бөлімі) мемлекет қаржысын басқару, аудан бюджетінің орындалуын қадағалау, аудан аумағында мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін иемдену және пайдалануда арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мақсатты және тиімді пайдаланудың есебін жүргізу, жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды өткізу және ұйымдастыру функцияларын іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.