Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында
2022 жылдың 12 айында жүргізілген жұмыстар туралы
Қобда ауданында жергілікті атқарушы органдар және оларға бағынысты ұйымдарын қоса есептегенде барлығы 25 мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме, оның ішінде: аудан әкімі аппараты, 7 аудандық бөлім, 16 ауылдық округ әкімі аппараты, жұмыспен қамту орталығы бар.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 63 түрі көрсетіледі.
Аудан бойынша 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелермен барлығы 7108 қызмет көрсетілді.
Олардың ішінде: жергілікті орган арқылы қағаз түрінде – 22, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы – 741, электронды үкіметтің порталы арқылы – 6345 қызмет көрсетілді.
Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 89,3 % құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Аудандық Қобда газетіне (8 мақала) және аудан әкімдігінің ресми сайтында (12 мақала), инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желілерінде (23 ақпараттық хабарламалар) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы барлығы 43 мақала жарияланды. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қобда аудандық бөлімінің мамандарын оқыту, түсіндіру мақсатында 7 рет семинар-кеңестер өткізіліп, 52 адам қамтылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары 17 рет азаматтарды қабылдау жүргізіп, 155 тұрғынның мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрақтарына жауап берді. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде 1 рет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында 2022 жылдың жарты жылдығында жүргізілген жұмыстар аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиында қаралып, тыңдалды. Тамыз айында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен күзгі әскерге шақыруды өткізу бойынша жиын өткізілді. Қыркүйек айында аудандық қоғамдық кеңесте мемлекеттік қызметтер саласы бойынша жүргізілген жұмыстар баяндалды.
2022 жылы барлығы 72 іс-шара ұйымдастырылып, 947 адам қамтылды.
Өткен кезеңде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
Аудан жұртшылығына қолайлы болу үшін 3 сервистік әкімдік, 47 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасауда.