«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Жалпы ережелер.
«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық жер қатынастары саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.