ҚАУЛЫ
Қобда ауылы № 62 2022 жылғы 29 желтоқсан
Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
3.Осы қаулы Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Оразова
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қожабекова