Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

ҚАУЛЫ

                                                         № 63                            2022 жылғы 29 желтоқсан

 Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Қобда  аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29желтоқсандағы №62 «Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11округтік сайлау комиссиясы құрылсын.

2.Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Қобда  аудандық мәслихатына  жіберілсін.

3.Осы қаулы Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында  орналастырылсын.

4.Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Комиссия төрағасы                                                  А.Оразова

 

Комиссия хатшысы                                             М.Кожабекова

Қобда аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022