ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ
2022 жылдың 20 желтоқсанында Бұлақ ауылдық округіне қарасты Әлия ауылдық мәдениет үйінде жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе: Әлия ауылындағы «Құрманғазы атындағы көшені» Ұлы Отан соғысының ардагері «Шортан Рамазанов атындағы көше» атына өзгерту туралы ұсынысты қарау.
Жиынға Әлия ауылының 102 тұрғындары қатысты. Жиын төрағасы қатысушыларға Шортан Рамазановқа қатысты құжаттарды ұсынып, өмірбаянымен таныстырды. Жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушы мүшелері осы ұсынысты жан-жақты талқылап, бірауыздан қолдап дауыс берді. Қарсы болған немесе қалыс қалғандар болған жоқ.
Ауылдық округ әкімшілігі