Қобда ауданы Ақрап ауылдық округінің Ақрап ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақрап ауылдық округінің Ақрап ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
Ынтымақ көшесін Жайық көшесіне;
Ш.Уәлиханов көшесін Ұлытау көшесіне;
М.Өтемісұлы көшесін Медеу көшесіне;
А.Құнанбаев көшесін Хан тәңірі көшесіне;
Тәуелсіздік көшесін Хан ордасы көшесіне;
Сергей Королев көшесін Құрманғазы көшесіне қайта аталсын.
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Ақырап ауылдық округнің әкімі |
|
Б. Мусаев |