Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

 

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысы.

Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 6172 болып тіркелді

 

       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар, 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар, 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
  3. Қобда ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

       1) Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 260 "Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4599 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған);

       2) Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 261 "Қобда ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4598 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған).

  1. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Смағұловқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі

М. Шермағанбет

     

 

 

            КЕЛІСІЛДІ:

 

Қобда аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
___________ А. Уразова

 

      2019 жылғы "20" мамыр

 



Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы
Дата публикации
26 октября 2022