Қобда ауданы Өтек ауылдық округінің Өтек және Жарсай-2 ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Өтек ауылдық округінің Өтек және Жарсай-2 ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
Астана көшесін Спандияр Көбеев көшесіне;
Желтоқсан көшесін Қорқыт ата көшесіне қайта аталсын.
А.Құнанбаев көшесін Қабанбай батыр көшесіне;
М.Өтемісұлы көшесін Керей хан көшесіне;
Астана көшесін Нияз би көшесіне;
И.Тайманов көшесін Жәнібек хан көшесіне қайта аталсын.
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
|
Өтек ауылдық округінің әкімі |
|
Ө. Ищанов |