Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
Астана көшесін Жұмекен Нәжімеденов көшесіне;
Жастар көшесін Мұқағали Мақатаев көшесіне;
Желтоқсан көшесін күйші Дәулеткерей көшесіне қайта аталсын.
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
|
Терісаққан ауылдық округінің әкімі |
|
А. Клютов |