Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Сарбұлақ ауылдық округі Сарбұлақ ауылының келесі көшелері:

Астана көшесін Жәңгір хан көшесіне;

Абай Құнанбаев көшесін Шығанақ Берсиев көшесіне;

Жастар көшесін Әбілхан Қастеев көшесіне;

Желтоқсан көшесін Түркістан көшесіне;

Пацаев көшесін Сарыбұлақ көшесіне қайта аталсын.

  1. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                      

 

Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі

 

Е. Утегенов



Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Дата публикации
22 октября 2022