Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 152 «Қобда ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің «Қобда ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5591 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.