Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 12 тамыздағы №2-11-3/199 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

  1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан вирусты диарея ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі Көк үй ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
17 августа 2022