Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қобда  ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

 

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптары, Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталау нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қобда ауданы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

          1) осы  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

                   Аудан әкімі                                                                  Б.Құлов

Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
30 мая 2022