Қобда ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

Қобда  ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

        «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
№ 249 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2020 жылғы 30 сәуірде № 20542 болып тіркелген) сәйкес, Қобда аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қобда ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
  2. «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

        1) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                Аудан әкімі

                                    Б.Кулов

Қобда ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
26 мая 2022